Германиялық кәсіпкер білім беру мекемелерінде өз тәжірибесін бөлісті - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы «Аға сеньорлар» компонентімен Қызылорда облысына германиялық кәсіпкер Жаклин Кнаппе келіп, өңірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелері мамандарымен өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Жаклин Кнаппенің кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол. Өзінің арнайы шеберханасы бар. Еңбек жолында балабақша мен театрларда жұмыс жасаған.
null

Облыс орталығындағы «Сыр балажаны» балабақшасында болған Жаклин Кнаппе мекеме қызметкерлерін балаларды еркін тәрбиелеуге арналған Reggio-педагогика әдісімен таныстырып, іс жүзінде көрсетті.

  «Біздің еліміз бен Германиядағы мектепке дейінгі білім беру әдістемесінде айтарлық айырмашылық бар. Мәселен, Жаклин біздің мамандармен, тәрбиеленушілермен жұмыс жасағанда негізгі басымдықты еркіндікке: ой, таңдау еркіндігіне берді. Балаларды ойната отырып, шығармашылығын дамытуға тырысты. Нәтижесін көрсеңіздер. Балалардың қиялының шексіз екендігіне көзіміз жетті. Бізге осындай мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпарат беріп, көмек көрсеткен, арнайы маман шақыртқан Кәсіпкерлер палатасына ризашылығымды білдіргім келеді», - дейді балабақша меңгерушісі Наталья Мишукова.
null

Айта кету керек, «Аға сеньорлар» компоненті қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған.

      Компонентке Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар