Германия қосымша тағы 10 мың босқынды қабылдайды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Германия Еуропалық одақтың босқындарды орналастыру бағдарламасы бойынша Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан келген қосымша 10 мың мигрантты қабылдайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі, Еуропа Одағының миграция және ішкі істер жөніндегі комиссары Димитрис Аврамопулос Funke басылымына берген сұхбатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, осы аптада Еурокомиссияға ГФР үкіметінің осы мәселеге сәйкес сенімхаты жеткізілген.

«Неміс үкіметі мәселе халықаралық ынтымақтастыққа келген кезде, тоқтаусыз еңбек етеді», - дейді Аврамопулос мырза.

Еурокомиссардың берген мәліметіне орай, Еуропалық одақтың өзге елдері тағы 40 мың босқынды қабылдауға міндеттелгенін ескерсек, көші-қон бағдарламасы жоспарынан артық нәтижені көрсетпек.

Айта кетсек, қорғаныссыз босқындарды орналастыру бағдарламасы олардың Еуропаға қауіпсіз жетуі үшін бекітілген болатын. 2019 жылдың күзіне қарай Еуропалық одақ осы бағдарлама аясында кем дегенде 50 мың босқынды қабылдап үлгеруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар