Георгий Жуков «Қайратқа» ауысып келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» футбол клубы жартылай қорғаушы Георгий Жуковпен арадағы келісімшартты рәсімдеді. Үш елдің азаматтығы бар футболшы ресейлік «Уралдан» ауысып келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарсы алыңыз, «Қайрат» футбол клубының жаңа ойыншысы Георгий Жуков үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Құжатта футболшының Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін ойнау шарты да қарастырылған», - деп жазды клубтың бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.

Бұған дейін 22 жастағы жартылай қорғаушы ресейлік «Урал» клубында ойнаған. Ресей чемпионатынта төрт матчқа қатысты. Алайда клуб басшылығымен келіспей, кетіп қалған.

Айта кетейік, Семейдің тумасы Жуков бала кезінде Бельгияға көшіп кеткен. Сол жерде «Беерсxота» мен «Стандард» клубтарында өнер көрсетті. Ал 2013 жылы елге оралып, «Астана» клубында екі жыл ойнады.

2015 жылы Г.Жуков Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында екі жолдастық кездесу өткізді. Алайда бірнеше рет бірлескен оқу-жаттығулардан бас тартқан. Ал бельгиялық бұқаралық ақпарат құралдарына берген бір сұxбатында ол Ресей немесе Бельгия құрамасы үшін ойнағысы келетінін мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар