General Motors 2,5 млн-нан астам көлікті қайтарып алады

None
None
Американдық автоөндірісші General Motors Қытайдағы 2,5 миллионнан астам автомобилін қауіпсіздік жастығындағы ақауларға байланысты қайтарып алады. 

ҚХР Сапаны бақылау, инспекция және карантин жөніндегі бас мемлекеттік басқармасының мәлімдеуінше, Saab, Opel, Chevrolet және Buick маркалары қайтарылады.

Машиналар екі  кезеңмен қайтарылатынын айта кеткен жөн. Біріншісі 29 қазанда басталып, 13,5 мың Saab және Opel автомобилі қайтарылады. Ал 29 желтоқсаннан бастап Chevrolet және Buick 2,51 миллион машина тексеруден өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар