Ғарышкер Георгий Гречко өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 сәуірге қараған түні ғарышкер Георгий Гречко бақилық болды, деп хабарланды "Новости космонавтики" журналының сайтында.

"Сәуірдің 8-іне қараған түні КСРО ұшқыш-ғарышкері, КСРО екі дүркін батыры, инженер және ғарышкер... Георгий Михайлович Гречко 86 жасында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Ғарышкер 1931 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында дүниеге келген. 1955 жылы Ленинград механикалық институтын үздік бітірген. Кәсіби мансабында 3 рет ғарышқа ұшқан, жалпы уақыты 134 күн, 20 сағат, 32 минут және 58 секундты құрайды. Сондай-ақ, бір рет ашық ғарышқа шығып, 1 сағат 28 минут болған. 

Соңғы жаңалықтар