Ғалымдар Ежелгі Мысырдың Патшалар алқабындағы «ерекше оқиға» туралы мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырлық археологтар командасы ежелгі египеттіктер фараондарды жерлеген аты аңызға айналған Патшалар алқабының маңынан бірнеше мумиясы бар мазарды тапты.

Бұл табылған дүниелер бірегей сақталғандығымен ерекшеленеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл мумиялар «аса маңызды жаңалық» болып табылады, деп жазды National Geographic журналы.

Мазардың ішінде 3500 жылдық мумиямен қатар, он ағаш саркофаг пен мыңнан аса түрлі құдайлардың мүсіншелері табылды. Мазар Египет патшаларының 18-әулетінің дәуірінде салынып, Эйшат есімді ақсүйекке тиесілі болған.

Ғалымдардың қабірді ашуы үшін 20 мың текше метр қоқысты шығаруларына тура келді. 

Соңғы жаңалықтар