Ғабдуллиннің бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіндегі телефон әңгімелері жария етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған CentralAsiaMonitor бас редакторы әрі Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты басты сот отырысы 20 қаңтарда өтеді. 

Бұл жайында бүгін сот талқылауы барысында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бағлан Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі сот процесі кезінде тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысты. Отырыс барысында судья Ыдырысов Ғабдуллиннің Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстық және Астана қалалық ішкі саясат басқармалары басшыларымен және Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысымен телефонмен сөйлескен әңгімелерінің жазбаша нұсқасын оқып берді.

Мәселен, Ғабдуллин  Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетовамен телефон арқылы сөйлесуі барысында 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс сомасын 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтуды сұрайды. Әңгімелесу барысында Тұрмағанбетова Жамбыл облысы Ғабдуллинге бағынышты бұқаралық ақпарат құралдарымен жыл сайын 2 млн. теңгенің мемлекеттік тапсырысы бойынша келісімшарт жасасатындығын атап өтеді. «Әдетте біз облыстармен 10-ға жұмыс істейміз», - дейді оған жауап ретінде Ғабдуллин.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 16 қарашасында Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен Бигелді Ғабдуллин тұтқынға алынған болатын. Ғабдуллин «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған болатын. Ол өз құзырындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, мемлекеттік орган жетекшілерінің іскерлік абыройына нұқсан келетін материалдарды жариялау арқылы оларға ақпараттық шабуыл жасаған. Алдағы уақытта сынауды тоқтату үшін Ғадбуллин лауазымды тұлғалардан өз медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыстар талап еткен. Олар өз кезегінде Ғабдулиннің компаниясын қолпаштап, мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттар бекітуді қамтамасыз еткен. Осыдан кейін ғана олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жарияланып отырған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінен Ғабдуллин 10 миллион теңге көлеміндегі қаражат бопсалаған. Дәл осы схемамен 7 мемлекеттік орган Ғабдуллинге мемлекеттік тапсырыс алып берген.

11 қаңтарда өткен сот отырысы барысында Бигелді Ғабдуллиннің адвокаты Аманжол Мұхамедияров өзінің қорғалушысының барлық кінәсін мойындап, келтірген шығынды толық көлемде өтегендігін ескере отырып, қылмыстық қудалаудан босатуды сұраған еді.

Соңғы жаңалықтар