Футзал: «Қайрат» бұл жолы қоланы қанағат тұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда футзалдан УЕФА кубогы финалының үшінші орынға талас ойыны өтті.

Қола үшін таласта ел чемпионы «Қайрат» пен Ресейдің «Югра» командасы кездесті, деп хабарлайды dodasport.kz .

 Бірінші таймда қос команда 2 голмен алмасты. Ал, екінші таймда отандастарымыз ширақ қимылдағандай көрінді. Диванейдің қос голының арқасында жеңіске жақын тұр едік. Дегенмен матчтың аяқталуына 20 секунд қалғанда ресейліктер есепті теңестірді. Есеп - 5:5.

Пенальти сериясында «Қайраттың» асығы алшысынан түсіп, қола жүлдені иеленді.

УЕФА кубогы, «Төртеу финалы». 2016-2017 жж, «Алматы-Арена»

«Газпром-Югра» (Югорск, Ресей) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - 5:5 п. 2:3

Голдар: Шаяхметов, 2 (1:0); Дрот, 9 (1:1); Кайо, 14 (2:1); Давыдов, 16 (2:2); Лысков, 23 (3:2); Тайеби, 25 (3:3); Кабреува - Зонардо, 33 (3:4); Диваней - Менино, 37 (4:4); Диваней - Менино, 39 (4:5); Марсенио, 40 (5:5)

«Югра»: Купатадзе, Шаяхметов, Афанасьев, Марсенио, Давыдов, Слемзин, Копейкин, Лысков, Эдер Лима, Котляров, Кайо, Чишкала, Сигнев, Катата

«Қайрат»: Игита, Игор, Алешандре, Дуглас, Диваней, Ронкальо, Жаманқұлов, Тайеби, Сүлейменов, Дуглас Нуньес, Эвертон, Дрот, Кабреува, Есенаманов.

Соңғы жаңалықтар