Футзал: Какаудың орнына жаңа бапкер келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасына бразилиялық маман Жозе Алесио Да Силва  бас бапкерлік ететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрамада Алесио өзінің отандасы Какауды алмастырады. Естеріңізде болса, Какау ұлттық құраманы басқарудан бас тартып, тек «Қайрат» клубын жаттықтыруға күш салатынын мәлім еткен еді.

Әзірге жаңа бапкердің келісімшарты қай мерзімге дейін жасалғаны белгісіз. 48 жастағы Алесио Бразилияның Ресифи қаласында дүниеге келген. Бұрын ол Какаудың ұлттық құрамадағы және «Қайраттағы» көмекшісі қызметін атқарды.

Алесио бразилиялық «Волторантин», «Интер Ульбра» мен «Васко да Гама» командаларында ойнады. Сонымен қатар ол Ресейдің «Спартак», «ТТГ-Ява» клубтарында доп тепті. Бапкер ретінде «Қайрат» және Әзербайжанның «Араз» клубтарын басқарды.

Алесионың басшылығымен Қазақстан құрамасы Еуро-2018 чемпионатының іріктеу турларына қатысады. 

Соңғы жаңалықтар