Футболдан Қазақстан кубогы: 1/4 финалында кездесетін командалар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Rixos President Astana қонақүйінің конференц-залында 2018 жылғы Қазақстан Республикасы кубогының 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеребе тарту рәсімі Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында тікелей көрсетілді.

Жеребе бойынша мына командалар кездесетін болды:

Нәтижесі мынадай:

«Ордабасы» - «Қайрат»

«Мақтаарал» - «Ертіс» 

«Атырау» - «Тобыл»

«Шахтёр» - «Қайсар»

Бұл кезеңнің қатысушылары тең жағдайда бір кәрзеңкеге орналастырылады. Матчтар бірінші болып таңдалған жұптың алаңында өтеді. Ширек финал ойындары бір кездесуден тұрады. 1/4 айналымның ойындары 2018 жылғы 23 мамырда өтеді.

Соңғы жаңалықтар