Футболдан «Елорда көктемі» балалар турнирі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  23 сәуір күні «Тарлан Арена» спорт кешенінде 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында «Елорда көктемі» балалар турнирі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жарыстың басты ұйымдастырушысы - «Астана» футбол клубы. Ал турнир Қазақстан футболы күніне арнайы ұйымдастырылып отыр. «Елорда көктемі» турнирі қаламыздың барлық жасөспірімдер футболы өкілдерінің басын бір жерге тоғыстырады деп күтілуде. Турнирде елорда футбол орталығының командалары, №8 спорт мектебінің және қаламыздың бірнеше жекеменшік командалары бақ сынайды»,-  делінген «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жарыс жеңімпаздарына дәстүр бойынша кубоктар мен медальдар, Lego конструкторлары және «Астана» футбол клубының естелік сыйлықтары табыс етіледі.

«Астана» футбол клубының атқарушы директоры Қайсар Бекенов, «Астана» футбол клубының спорт директоры Александр Коночкин, Жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасының басшысы, «Жеңіс» футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Костантин Котов, қазіргі Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерлер құрамының қызметкері Қайрат Нұрдәулетов арнайы қонақ болмақ.

Соңғы жаңалықтар