Футбол: «Ордабасы» капитаны «Тобылға» келді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Азат Нұрғалиев Қостанайдың «Тобылына» көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент футбол мектебінің түлегі Азат Нұрғалиев «Тобылмен» 1 жылға келісімшартқа отырды.

«Бұл Нұрғалиевтің «Тобылға» екінші рет келуі. Ол 2010 жылы қостанайлық ұжым сапында ел чемпионы атанды. Бұған қоса, Қазақстан Кубогы мен Интертото Кубогын ұтты. Тәжірибелі ойыншы «Тобыл» құрамын күшейтері сөзсіз. Қазір Азат командамен Түркияда оқу-жаттығу жиындарында жүр», - деді «Тобылдың» баспасөз хатшысы Константин Должанский агенттік тілшісіне.

Айта кетейік, Азат Нұрғалиев былтырғы маусымда «Ордабасының» капитаны болды. Оның алдында «Жетісу» және «Сұңқар» клубтарына жалға берілген. Біршама уақыт «Астанада» ойнады.

Ұлттық құрамаға алғаш 2009 жылы шақырылды. Жалпы елдің басты командасында осы уақытқа дейін 29 ойынға қатысқан.

Соңғы жаңалықтар