Футбол: Қазақстан мен Черногория жастары Ақтөбеде кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан жастар арасындағы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы 1 қыркүйек күні Черногория футболшыларын Ақтөбеде қабылдайды. Матч Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы .

Қазақстан жастар құрамасы іріктеу турниріндегі алғашқы кездесуін 28 наурыз күні сырт алаңда Люксембург құрамасымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы алғаш рет Ақтөбеде 2007 жылы Грузия жастар құрамасын қабылдады. Ал, өткен жылы біздің футболшылар Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Англия  және Норвегия құрамаларымен ойнады. 

 

Соңғы жаңалықтар