Францияда супермаркетке шабуыл кезінде 2 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-батысында супермаркетке содыр жабуыл жасап, адамдарды кепілге алған кезде кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлады «Франс-Пресс» агенттігі қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап.

Бұдан бұрын жұмада Францияның оңтүстік-батысындағы Од департаментінің Треб коммунасындағы супермаркеттердің бірінде лаңкестің адамдарды кепілге алғандығы хабарланған болатын.

 Жергілікті прокуратураның мәлімдеуінше, «содыр өзінің ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - ред.) лаңкестік ұйымына тиесілі екенін» айтқан. 

 Од  департаменті префектурасы Твиттерде осы аумақта арнайы операция жүргізілгендігі жайлы мәлімдеді.

 BFM TV телеарнасының эфирінде Треб қаласының мэрі Эрик Менасси кепілге алынған адамдардың босатылғандығын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар