Францияда өрт сөндірушіге 7 рет әдейі өрт қойды деген айып тағылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Лотарингия қаласында өрт сөндіруші тұтқындалды. Оған бірнеше мәрте үйлер мен көліктерді өртеді деген айып тағылып отыр. Бұл туралы BFM TV телеарнасы хабарлады, деп жазады lenta.ru.

Оған бірінші болып, оның өзінің әріптестері күдік келтірген. Олардың пайымдауларынша, күдікті өрт болған сайын оқиғаның жанынан бірінші болып табылған.

Құқық қорғау органының өкілдері 19 жастағы өрт сөндіруші-еріктіні биылғы жылдың сәуір айынан бері болған 7 өрт оқиғасына кінәлі деп тауып отыр. Күдікті 6 өрт оқиғасы бойынша өзінің кінәсін мойындады. Ол тек өзінің пәтерінің өртену жағдайын ғана мойындаудан бас тартқан.

Қараша айының соңында Екатеринбург полицейлері 20-ға жуық балабақшалардың аймағында болған өрт оқиғалары бойынша, өрт қоюшының ерекше белгілерін анықтап, оған іздеу жариялады. Өрт түнде балабақшалардың кіреберіс есіктерінде болған. Өрт қоюшы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Соңғы жаңалықтар