Фируза Шарипова Сауль Альварестің допинг-сынамасы туралы пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фируза Шарипова Сауль Альварестің оң нәтиже берген допинг-сынамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова мексикалық Сауль Альварестің допинг-сынамасының оң нәтиже беруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады спортшының баспасөз қызметінен.

«Мен мұндай деңгейде кездейсоқтықтың болмайтынына сенімдімін. Кәсіби боксшы ретінде нені жеуге болатынын, допингке түспеу үшін қандай дәрілер қабылдау керектігін жақсы білемін. Жаттығу процесі кезінде, айқастың алдында кенеттен ауырып қалсам, Спорттық медицина клиникасына барып, мамандармен кеңесемін. Бұл менің тамақтануыма да қатысты», - деп атап өтті спортшы.

«Канелоның» допинг-сынамасының оң нәтиже беруіне келер болсақ, менің ойымша, ол бір жерде қулық жасап, өз абыройын құртып алды. Егер ол жеңіске жетсе, бұл - таза жеңіс емес. Ол Геннадий Головкинмен жекпе-жекте кез келген жағдайда өзін жеңілетіндей деңгейге қойды, себебі егер ол жеңіп жатса, барлығы әділетсіз ұтқанын айтатын болады», - деді Фируза Шарипова.

Соңғы жаңалықтар