Финляндияда вокзал алдындағы алып ескерткішке бетперде кигізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Хельсинкидің басты темір жол вокзалындағы алып тас мүсіндерге VR көлік компаниясы танымал Kiss рок-тобының бетпердесін кигізді, деп хабарлайды yle.fi .

Мүсінші Эмиль Викстрем жасаған мәрмәр ескерткіштер VR темір жол компаниясының беткеұстарына айналған.

Басты астаналық вокзалдың қасбетіндегі тас алыптары Финляндия тұрғындарын былай қойғанда, кез келген туристке таныс. Алайда бұл мүсіндер алғаш рет жарнамалық нысанға айналды.

VR Финляндия мен шет мемлекеттерге жарияланған жарнамалық науқан жасады. Науқан кезінде тас мүсіндерге Kiss тобының бетпердесі кигізілді. Бетперде рок-топтың мамыр айында Хельсинкиде өтетін концертінің құрметіне бір ай бойы тұрады. 

Фото: Vesa Moilanen / Lehtikuva

Соңғы жаңалықтар