Финляндияда мұздан 200 тонналық аттракцион жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хельсинкидегі Финдік бұғаздан салмағы 200 тонналық, диаметрі 36 метрді құрайтын мұздан әткеншек жасалды, деп хабарлайды Лента.ру.  

Әткеншек күн энергиясымен жұмыс жасайтын моторлы қайықтың көмегімен қозғалады. Сондай-ақ, мұзға жасанды саунаны орнатқан.

Бұл аттракционды энергетика маманы және танымал ғылыми кітаптардың авторы Янне Кяпюлехто ойлап тапқан. Ол алғаш рет мұндай әткеншекті өзінің саяжайында құрастырған. Құрылымға көпшілік қызығушылық танытқасын, ер кісі Финляндияның астанасында осындай дүние жасауға бел буған.  

Соңғы жаңалықтар