Филиппинде жанартау атқылап, халық көшіріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Майон жанартауының оянуына байланысты Филиппинде 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды euronews.

Жергілікті мектептерде сабақ тоқтатылды. Оқу орнының ғимараттары көшірілген халыққа уақытша баспана ретінде пайдаланылуда. Өңірлерде осындай бірнеше орталықтар жұмыс істей бастады.

Мамандар жанартаулардың атқылауы бірнеше күнге тіпті бірнеше аптаға созылатынын ескертіп жатыр.

Қауіпті жағдайға қарамастан аталмыш жанартауға деген альпинистердің қызығушылығы артып келеді. Бес жыл бұрын жанартау атқылап жатқанда осы жерде бес турист қаза тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар