ФИФА арқылы ұпайларын қайтарып алған «Атырау» соңғы орыннан қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тараз» өз алаңында «Атыраудан» ұтылып қалды. 

Мұнайлы өлкенің футбол клубы биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жақында ғана алты ұпайын ФИФА арқылы қайтарып алған «Атырау» тоғызыншы турда жеңіске жетіп, сегіз тур бойы тапжылмай тұрған соңғы орыннан бір саты жоғарылады. Бұл туралы Астана футбол федерациясынан хабарлады. 

«Тараздың» ұтылмайтындай мүмкіндігі болды. Ойының басында пенальти тебу мүмкіндігі бұйырды. Алайда, 11 метрлік айып соққысын Ресейден келген Руслан Мухаметшин орындап, қақпашыдан айласын асыра алмады.

Екінші таймда Ли қақпашыны шатыстырып, тамаша соққысымен есеп ашты. «Тараз» көп созбай, таразы басын теңестірді. Бірақ ойын соңында Новица Максимович айып соққысын орындап, асқан шеберлікпен допты доғаша иіп, қақпаға дөп түсірді.


«Тараз» - «Атырау» - 1:2 (0:0)

Голдар: Ли, 64 (0:1). Зайнутдинов, 72 (1:1). Максимович, 87 (1:2). Мухаметшин 16-минутта пенальти соға алмады.

Ескертулер: Морис, 9. Горбанец, 23. Зайнутдинов, 33. Бабаханов, 62 - Джокич, 45+1. Лобжанидзе, 75. Чичулин, 82. Максимович, 88.

«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов, Шипицин, Миюшкович, Шадманов, Диара (Эргашев 82), Зайнутдинов, Горбанец, Морис (Фещук 46), Қожамберді (Сейідахмет, 68), Мухаметшин (к). Қосалқы құрам: Сатыбалдин, Құрғулин, Молтусинов, Таубай, Азовский, Райымбек

«Атырау»: Пасеченко, Әбдірахманов, Лобжанидзе, Обшивач, Чичулин, Джокич, Саломов (Маров, 80), Максимович, Сүлей, Хайруллин (к) (Қайыраллиев, 77), Ли (Двалишвили, 74). Қосалқы құрам: Жомартов, Мәжитов, Нұрыбеков, Коробов, Сапаров, Түлиев

Төрешілер: Құмашев (Астана), Попов (Павлодар), Конивец (Қарағанды)

29 сәуір. Тараз. «Орталық» стадион. 3 200 көрермен

Соңғы жаңалықтар