Фидель Кастроның күлі Сантьяго-де-Кубаға жерленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба революциясының көсемі Фидель Кастроның мәйітінің күлі Сантьяго-де-Куба қаласының зиратына жерленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Жергілікті телеарна жерлеу рәсімін тікелей эфирден көрсетті. Фидель Кастроның мүрдесінің күлі салынған сауытты кортеж алып жүрді. Зиратқа дейін кортеж соңынан ондаған мың адам ілесіп келді. Рәсімге оның бауыры, Куба басшысы Рауль Кастро жетекшілік етті. Айта кетейік, Ф.Кастроның күлі азаттық қозғалысының өзге көшбасшысы Хосе Мартидің қабірінің жанына жерленді.

Фидель Кастро 25 қараша күні 90 жасында дүниеден озды. Куба басшысының қалауымен оның денесі кремацияланды. Кастро - кубалық революционер, мемлекеттік және саяси қайраткер, 1926 жылдың 13 тамызында дүниеге келген. 1976 жылдан бері 30 жыл бойы Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы болды. Сондай-ақ Революциялық қарулы күштердің бас қолбасшысы және елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.  

Соңғы жаңалықтар