Фантасттардың хикаялары шындыққа айналып келеді - министр Абаев

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абавтың айтуынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін пойыздарда жоғары жылдамдығы бар интернет болады. Алайда министр адамдардың кітапты оқығанды қойып, ғаламтордың жетегінде кеткеніне алаңдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, пойыздарда жоғары жылдамдығы бар интернеттің болғаны дұрыс. Соның арқасында қазақстандықтар фильмдерді көріп, әлеуметтік желілерде отыра алады. Мен өзім ойлаймын, аталған бастаманың жағымсыз жағы да бар. Әлі есімде, Алматыға барып жүргенде жолға 20 сағат кететін. Сонда мен Алматыға бара жатқанда екі кітап, қайтқанда екі кітап оқып шығатынмын. Себебі басқа ештеңе болмады. Ал интернеттің таралуымен адамдар «визуал» бола бастайды. Олар барлық ақпаратты тек ойын-сауық контенті арқылы ғана қабылдайды», - деді Абаев бүгін Еуразиялық медиа форумның жаһандық ақпараттандыру сессиясында.

Министрдің ойынша, ақпараттық технологиялардың дамығаны жақсы. Дегенмен, интернетті қолданғанда аса сақ болу қажет. «Мен министр ретінде бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, байланыс пен коммуникациялар мәселесін де үйлестіріп келемін. Сол себепті ұлы фантасттардың хикаялары шындыққа айналып жатқанын барған сайын түсініп жатырмын»,- деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар