Facebook криптовалюта жарнамасына тыйым салады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook желіде криптовалюта және бинарлық опциялардың жарнамасын жариялауға тыйым салады, деп хабарлайды ТАСС әлеуметтік желінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз пайдаланушыларды жаңылыстыратын қаржылық өнімдер мен сервистердің, бинарлық опциондар мен криптовалюта секілді алдамшы технологиялардың жарнамасына тыйым салатын жаңа қызмет саясатын енгізіп жатырмыз», - делінген хабарламада.

Сервис, сондай-ақ пайдаланушыларды жаңа ережелерді бұзатын жарияланымдар туралы хабар беріп отыруға шақырады.

Бұған дейін Facebook пайдаланушыларға туыстары мен достарынан көбірек жаңалық алып отыруға, компаниялардың, брендтердің және БАҚ-тардың постары сияқты жарнамалық контентті азайтуға қатысты өзгерістер енгізгенін жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар