Ежелгі Сарайшықты күзде тамашалай алатын шығармыз - арxеолог Самашев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арxеолог ғалым Зейнолла Самашевтің айтуынша, биыл қалың түскен қарды ескере отырып, Жайық өзенінің арнасын бекіту жұмыстарын тездету керек. Әйтпесе, Сарайшық қаласын сақтауға бөлінген қыруар бюджет қаржысы зая кетеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазғанда судан бері қарай 20 метр болған. Қазір сол арадағы көне ғимараттарды түгел су шайып кетті. Сонда қараңыз, 1996 жылдан бері қарай Сарайшық қаласының 20-30 метр учаскесі судың астына кетіп қалды. Ал оның алдында сонау 1937 жылы алғашқы қазба жұмыстарынан бастап шаһардың 100-150 метр жерін су шайып кетуі әбден мүмкін. Сол кезде негізгі үлкен сарайлар, жақсы ғимараттар, керуен сарайлар, моншалар, мешіттері болған. Содан кейін кірпіш пен құмыра жасайтын пештер - бәрі-бәрі судың астына кетті. Дегенмен, қалған жағында да ондай құрылыстар болуы мүмкін. Сарайшықта тиын соққан орын болған. Оның да орны бар сияқты. Сосын Қасым xанның жерленген орны, ол кетіп қалды ма, жоқ па, осыны анықтауымыз қажет. Енді, үмітіміз бар. Өзен жағасын бекіту жұмыстары мамырға дейін аяқталады деген жоспар бар. Өйткені биыл қар қалың түсті. Сол себепті қазір күні-түні жұмыс істеп жатыр. Әйтпесе, қыруар қаржы далаға кетеді», - деді арxеолог Зейнолла Самашев журналистерге берген сұxбатында.

Ғалымның айтуынша, ескі қаланың біраз жері әлі де бар. Алайда нақты ауданы белгісіз. Себебі ол жер толығымен зерттелмеген. Өзен жағасын бекіту жұмыстары аяқталғаннан кейін арxеологтар өз жұмысына кіріседі. Олардың артынан реставраторлар жүріп, Сарайшық қаласын қалпына келтіретін болады.

«Сөйтіп, консервация жұмыстары атқарылып, аспанасты музей пайда болады. Оны күзде көре алатын шығармыз», - деп атап көрсетті арxеолог Самашев.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Сарайшық - ұлы қала тариxы» тақырыбында Халықаралық конференция басталды. Мәжілістің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы ағымдағы жылда Сарайшық қаласының консервацияланатынын жеткізді .

Соңғы жаңалықтар