«Эйр Астана» бұзақы жолаушыларға қандай шара қолданатындарын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы бұзақы жолаушыларға қандай шара қолданатындарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, ұшу кезінде кейбір жолаушылар  темекі шегеді, балағат сөз айтып, ұшу инструкциясына қарсылық білдіріп, телефон пайдаланады.

Бұл қылықтардың барлығы 4 деңгейге бөлінеді. Пилоттардың кабинасына кіріп барған адамдардың әрекеті ең үлкен қауіп туғызып отыр.

Биылдың өзінде 11 адам 2-деңгейден жоғары санаттағы бұзақылық жасаған. Өткен жылдары 23 адамға ескерту жасалған болатын.

«Бортта бұзақылық көрсету жолаушылар мен экипаждың өміріне қауіп келтіруі мүмкін. Жоспарланбаған қонудан әуе компаниясына шығын келуі ықтимал. Борт серіктер ондай қылық көрсеткен адамға ескерту жасап, қоймаса әкімшілік жазаға тартады. Тіпті, ұшақты шұғыл қондырады», - деді компания өкілдері.

«Әуе компаниясы қазіргі таңда деструктивті тәртіп көрсеткен 23 адамды сұр тізімге енгізген.  Ол адамдар тағы қайталаса, келесі жолы ұшаққа қабылдамай қоюға қпқылымыз», - деді олар.

Айта кету керек, әуе кемесі командирінің айтқанын орындамаған адамға 3 АЕК есебінде айыппұл, ұялы телефон қолданған адамға -  5 АЕК, ұсақ бұзақылық жасаған адамға -  10 АЕК немесе 10 тәулікке қамалады.

 

Соңғы жаңалықтар