Евровидение-2018: Қанша елдің қатысатындығы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 42 елдің өкілдері Лиссабонда өтетін "Евровидение-2018" ән конкурсына қатысады. Бұл туралы байқауды ұйымдастырушар мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

63-ші рет өткізілгелі отырған конкурсқа қатысушылар тізімінде Албания, Армения, Австралия, Австрия, Азербайжан, Беларусь, Бельгия, Болгария, Хорватия, Кипр, Чехия, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Грузия, Грекия, Венгрия, Исландия, Ирландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Мальта, Молдавия, Черногория, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Сербия, Словения, Испания, Швеция, Швейцария, Украина және Ұлыбритания бар.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар Ресейдің де қатысатындығын айтты.

Еске сала кетсек, Португалия конкурс өткізу құқығына 2017 жылы мамырда Киевте өткен байқауда Сальвадор Собралдың жеңісінен соң ие болды. Әнші өз тілінде лирикалық  "Amar pelos dois" әнін орындаған еді.

"Евровидение"  жартылай финалы 8-10 мамырда, ал финал 12 мамырда болады.

Соңғы жаңалықтар