Eurosport Баландиннің Риодағы жеңісін сенсацияға балады

None
None
АС ТАНА. ҚазАқпарат - Біздің спортшымыз Дмитрий Баландин туралы танымал Eurosport телеарнасының сайтында мақала жарияланды, деп хабарлады www.24.kz.

Интернет-портал «қазақстандық жүзгіш нағыз сенсация жасады» деп жазған. Себебі бассейннің шеткі жолақтарында құлаш ұратын спортшылардың жеңіске жетуі - шынында сирек жағдай. Әдетте ортаңғы бөліктегі қарсыластары тудырған толқын олардың еркін көсілуіне әжептеуір кедергі келтіреді.

Бұдан басқа, Eurosport «қазақ елінің спортшылары 1 сағаттың ішінде 2 алтын медальді қанжығалады» деп атап көрсетті. Шетелдік ақпарат құралы алғашқы алтынды ауыр атлет Нижат Рахимов алғанын тамсана жазды.

Соңғы жаңалықтар