Еуропада қызылша дерті өршіп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Еуропада қызылша ауруына төрт мың адам шалдықты.

Бұл дерт 14 елде тіркелді: Аустрия, Румыния, Болгария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Франция, Германия, Швеция, Италия, Португалия, Исландия, Испания, Швейцария.

Қызылша ауруының таралуы Еуропалық өңір елдері халықтарының иммундау деңгейінің төмендеуі және ауру ошағында шектеушілік іс-шараларының болмауы салдарынан орын алған.

Қазіргі таңда, еуропалық мамандар эпидемиялық ахуалды ауыздықтап жатыр.  Вакциналау, зертханалық зерттеулер жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар