Еуропа кубогы қазақстандық фристайлшы-акробатқа бұйырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан фристайл-акробатика спортынан Еуропа кубогында қазақстандық Жанбота Алдабергенова чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні Ж.Алдабергенова жекелей сында қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Бұл сайыста екінші орын америкалық спортшыға бұйырса, үшінші орын Украина спортшысының қанжығасында кетті.

Алдабергеновадан өзге сынға түскен жерлестеріміз арасынан Маржан Ақжігіт төртінші орынды қанағат тұтса, Ақмаржан Қалмұрзаева - жетінші, Аяна Жолдас оныншы орындарға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Жанбота Алдабергенова былтырғы маусымда Еуропаның абсолютті чемпионы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар