Еурокомиссия Google-ге 2,4 млрд еуро айыппұл салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссия интернет желісіндегі іздеу нарығында өз үстемдігін теріс пайдаланғаны үшін Google америкалық компаниясына 2,4 млрд. еуро (2,68 млрд $) көлемінде айыппұл салды.

Бұл жайлы сейсенбі күні Еурокомиссия сайтында жарияланған хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Құжатта «Компания Google-дің басқа өнімдеріне заңсыз басымдылық бере отырып, іздеу жүйесі ретінде өзінің үстемдігін теріс пайдаланды», - делінген. 

Соңғы жаңалықтар