Эстрада жұлдыздары сенбілікке шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет қайраткерлері, театр актерлары, қазақ эстрадасы мен шоу бизнес жұлдыздары «Қаланы таза қылайық!» экологиялық акциясына қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенбілік кезінде театр және кино актерлары Нұркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев, эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Нұрғали Тұрлыбеков, Ринат Мальцагов, «Дабыл» тобы, «Астана.KZ» КТК командасының қатысушысы Мәлік Хасенов және тағы басқа танымал азаматтар Есіл өзенінің жағасын жинап шықты.
null

«Біз өз қаламызды жақсы көреміз. Сондықтан сенбілікке шығып, жастарға үлгі көрсеткенді жөн көрдік. Негізі, адамды адам еткен еңбек қой. Сол себепті жылына бірнеше рет осылай әрқайсымыз сенбілікке шықсақ, сөз жоқ, Астананың гүлденуіне үлес қоса аламыз», -  дейді әнші Досымжан Таңатаров.

«Қаланы таза қылайық!» экологиялық акциясына Астананың барлық шығармашылық ұжымдары қатысты. Олардың ішінде астаналық цирк, қазақ драма театры, орыс драма театры, «Наз» би театры, филармония, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, «Жастар» сарайы, қалалық кітапханалар мен басқа да шығармашылық ұжымдар бар.
null

«Астана - біздің ортақ үйіміз, ал қаланың Мәдениет басқармасында істейтін адамдар - біздің әріптестер, сондықтан біз өз қаламызды және достарымызды қолдауға келдік» - дейді Ринат Мальцагов.
Айта кетейік, бүгінгі жалпы қалалық сенбілікке депутаттар да шықты. Сол жерде халық қалаулылары сенбілікті асармен алмастыру бастамасына қатысты өз ойларымен бөлісті.  Ал Астанада әкімі Әсет Исекешев қаланың ескі бөлігін назардан тыс қалдырмауға уәде берді.

null

Соңғы жаңалықтар