Ескі көліктерін тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріле бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 маусымнан бастап тозығы жеткен көліктерді тапсырғандарға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беру  бағдарламасы іске қосылады. ҚР Энергетика министрлігінің тапсырмасымен жасалған бағдарламаны «ӨКМ Операторы» ЖШС  ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен, отандық автоөндірушілермен бірге әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа бағдарлама талабы бойынша, жою үшін М1 санатындағы ескі жеңіл автокөліктен бастап, жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері  қабылданады. Жоюға тапсырылатын көлік құралдарының шығарылған жылына, моделіне қатысты ешқандай шектеу жоқ.  Жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері үшін жалғыз талап - М2, М3, N2, N3 санатындағы көлік құралдары техникалық жарамды болуы керек және барлық жабдықтар өз орнында болу тиіс.   

Бағдарлама талабына сәйкес,  ескі  техниканы өткізушіге атаулы сертификат беріледі. Бұл сертификат Қазақстанда өндірілген көлікті сатып алғанда жеңілдік ретінде пайдаланылады.

Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында болады.

 Сертификат кез келген санаттағы отандық автокөлікті сатып алуға мүмкіндік береді. Онымен қоса, бір автокөлікті сатып алғанда 2 сертификатқа дейін пайдалануға мүмкіндік бар. Сертификатты қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстыруға болмайды. Ол тіркелген күннен бастап 12 ай ішінде жарамды.

Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы негізінде қандай автокөліктерді жеңілдікпен алуға болатындығын келесі  сайттар мен телефон нөмірлері арқылы білуге болады:

 «БИПЭК АВТО» www.bipek.kz  немесе: 8 778 746 0698 телефоны бойыншы

AllurAuto дилерлік орталығы сайтынан: www.allurauto.kz, www.jac-motors.kz

«Astana Motors», «Вираж», «УЗАВТО АЗИЯ» дилерлік орталықтарынан: www.ssangyong.kz, www.peugeot.kz, www.iveco.com/kazakhstan,  сондай-ақ 8 800 070 55 88 и 8 701 737 12 71.

Бағдарлама жөнінде толық ақпарат auto.recycle.kz ресми сайтында 

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ САНАТЫ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІК МӨЛШЕРІ

 

 

Санат

КҚ классификациясы

Жеңілдік (теңге)

1

М1

Жеңіл автокөліктер

315 000

2

N1

жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлік құралдары 

 

3

M2

жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннаға жетпейтін көлік құралдары

450 000

4

N2

жүк тасымалына арналған максималды салмағы 3,5 тоннадан бастап, 12 тоннадан аспайтын  көлік құралдары 

5

M3

жолаушылар тасымалына арналған, жүргізуші орнынан бөлек сегіз орыннан асатын және максималды салмағы 5 тоннадан жоғары  көлік құралдары

650 000

6

N3

жүк тасымалына арналған максималды салмағы 12 тоннадан асатын  көлік құралдары

 

 

 

Соңғы жаңалықтар