ЕСКЕРТУ: Алматының Абай көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының күре жолдарының бірі - Абай даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек, осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«24 сәуірден бастап, Абай даңғылы бойындағы Есентай (Весновка) өзені арқылы батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы шектеледі. Әр бағытта көлік қозғалысы бір жолақ бойынша жүзеге асырылады. Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі», - делінген Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар