Есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ШҚО тұрғыны пойызда ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік ІІД қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізуі барысында иісшіл иттің көмегімен «Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызымен 2 келі гашиш және 10 келіден астам марихуана тасымалдаған 40 жастағы ШҚО тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы көлік ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Күдікті ОҚО ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.  Тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген баспасөз парағында.

Жыл басынан бері көлік полицейлері есірткі заттарын контрабандалаудың 5 фактісін және оларды аса ірі көлемде сақтаудың 22 фактісін әшкереледі. 86 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. 

Соңғы жаңалықтар