«Есіл» стансасында жолаушылар пойызы 8 сағатқа жуық тұрып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Есіл» стансасында 7 сағат 30 минут кідірген «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы жолға шықты, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне «Түркісіб Астана» ЖШС директоры Владимир Рожко телефон арқылы мәлім етті. «Сағат 10:25-те пойыз жолға шықты, жалпы бөгелген уақыты 7 сағат 30 минут», - деді ол.

Жолаушылардың әлеуметтік желілерге жазған шағымдарында, вагондардың суытып кеткенін айтады. В.Рожко болса қажетті температураның сақталып тұрғанын жеткізді.

«Вагондарға қажетті 18-20 градус бар. От жанып тұр, жылу бар. Егер біреулер тоңған болса оны адами фактор деп айтуға болады. Вагондарда жеткілікті болса да, Құсмұрыннан қосымша көмір әзірлеттім», - деді ол.

Бұған дейін, әлеуметтік желілерде «Алматы-Қостанай» бағытындағы №43 пойыз стансада бірнеше сағаттан бері тоқтап тұр деген шағымдар жазыла бастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар