Ертістің сол жағалауындағы алқаптар жанып жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өзені алқабындағы айырықша қорғауға алынған табиғи аймақта болған өртті куәгерлер суретке түсіріп алды, деп хабарлайды, «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Өзен алқабы тағы да өртеніп жатыр... Қатты жанып жатыр», - деп жазады куәгерлер әлеуметтік желідегі суреттің астына.

Олардың айтуынша өрт Павлодар маңындағы Ертістке қарсы орналасқан орманға шығып кеткен. Өрттің жалыны мен қою қара түтін анық көрініп тұр.

«Химқалашыққа (облыс орталығының солтүстік-батысындағы шағын аудан- авт.) аспаннан күл жауып жатыр. Күлдің ол жерге қалай жетіп отырғанын таң қаламын. Айтпақшы, орман емес өзен алқабы жанып жатыр. Өрт теміржолға дейін жетіп қалды», - деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.
null 

Соңғы жаңалықтар