Ертең Үкіметте денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астанада сағат 10-00-де Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Отырыс барысында сатып алу саласында қабылданып жатқан шаралар мен денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар талқыланады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн- таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен көруге болады.

Соңғы жаңалықтар