Ерлан Сағадиев: Киберқауіпсіздік мамандықтарына гранттарды көбейтеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда киберқауіпсіздік бағытындағы мамандардың санын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз студенттерді «Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша оқыта бастадық. Бұл - жаңа бағыт. Жыл сайын гранттарды көбейтетін боламыз. Жалпы бүгін біздің алдымызда кадр дайындау бойынша екі міндет тұр. Оның біріншісі - IT-мамандығы бойынша кадр дайындау болса, екіншісі, біздің ойымызша, басқа мамандықтарда оқитын студенттердің IT сауаттылығын көтеру», - деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағыт бойынша өткен жылдан бастап республиканың бүкіл университеттерінде барлық мамандықтардың студенттері 3 кредит көлемінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқи бастады.

Сонымен қатар «Болашақ» арқылы IT бағыты бойынша мамандар дайындалады. Шамамен, 1000 студент оқуды аяқтады, бұл «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің 10 пайызын құрайды.  Олардың барлығы Ұлыбританияның, Американың, Малайзияның, Канаданың, Сингапурдың және тағы басқа елдердің үздік университеттерінде оқып, солардың көбі мемлекеттік органдарда, IT-компанияларда, университеттерде жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар