Ерлан Қошанов Қарағанды облысының өмірін бір күндік мысалмен келтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзінің халық алдындағы есептік кездесуінде сандар арқылы аймақтың бір күнін мысалға келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап. 

«Облысымыздың өмірі туралы сандармен айтып беруге рұқсат етіңіздер. Бәріміз көз алдымызға елестете алу үшін, бір күндік мысалды келтірейін. Сонымен, орташа есеппен бір күнде Қарағанды облысында 100 мың тонна көмір, 75 мың тонна мыс және 45 мың тонна темір кені өндіріледі. Аймақ экономикасына орташа есеппен күніне 1 млрд теңге инвестицияланады. Бюджетке 933 млн. теңге салық түседі», -деді Ерлан Қошанов аудиторияға қарап айтқан сөзінде. 

Статистика бойынша, бір күнде шартты түрде 371 тонна ет, 183 тонна нан, 1,7 млн. жұмыртқа, бір тоннадан астам сүт өндіріледі. 2 млрд. теңгеге тауарлар сатылады. Күніне орташа есеппен мың шаршы метрге жуық тұрғын үй немесе 10 жаңа пәтер салынады. Облыс бойынша күніне 62 жаңа тұрғын дүние есігін ашады. 

Облыс әкімі есептік кезеңге дайындық жұмыстары кезінде маңызды мемлекеттік стратегиялық құжаттар: Президенттің халыққа жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және «Қазақстан-2050» стратегиясы басты назарға алынғандығын атап өтті. Мақсатты жұмыстар үшін әрбір салаға сараптамалар жасалды. Нәтижесінде 2017 жылы экономиканың негізгі салаларында 4,1% өсім байқалды.

Соңғы жаңалықтар