Ерлан Қошанов Қарағанды облысы футбол қауымдастығының төрағасы болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерлан Қошанов Қарағанды облысы футбол қауымдастығына төраға болды. Бұл шешім футбол қауымдастығының кезекті конференциясында қабылданды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ерлан Қошановты тағайындау туралы шешім бірауыздан қабылданды.

«2018 жылы аймақта футболдан жарыстарды жиі өткізу жоспарланған. Мысалға, алдағы уақытта ардагерлер арасында республикалық біріншілік өтеді. Жалпы алғанда, жоспарларымыз көп және оларды іске асыру керек. Осы орайда бір мәселені айта кеткен жөн. Шағын қалаларда, аудан орталықтарында стадиондар бар, штаттық жаттықтырушылар да қарастырылған, бірақ командалар жоқ. Олар облыстық біріншіліктерге қатыспайды. Осы мәселе өз шешімін табады деп үміттенеміз», - дейді Қарағанды облысы футбол ассоциациясының атқарушы директоры Николай Бублинский.

Аймақ басшысы конференцияға қатыса алмады, сол себепті оның атынан жаңа міндеттерге кірісуге келісімді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасары Рустам Қожабеков берді.

Соңғы жаңалықтар