Ерлан Қарин «Ońtústіk» телеарнасына жаңа басшы тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Қариннің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып Бердімұратов Бауыржан Қамбарұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан-Шымкент» телеарнасына сілтеме жасап.

Ұжымға жаңа басшыны «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев таныстырды. 

«Ońtústіk» телеарнасын бұған дейін басқарған Уәли Сағындықұлы Қыдыр «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Шаруашылықты қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Бауыржан Бердімұратов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында туған. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін тәмәмдаған. Мамандығы бойынша - филолог. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика және басқару мамандығы бойынша оқыған.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлықтан бастап, басшылық қызметтерді атқарған. 1996-1998 жылдар аралығында Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ мемлекеттік политехникалық университетінде аға оқытушы, 2009-2015 жылдары республикалық «Рахат ТВ» телеарнасының директоры-бас редакторы болып қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысының орынбасары болып еңбек етті. 

Соңғы жаңалықтар