Ерiк Сұлтанов облыс орталығындағы құрылыс нысандарына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов жұмыс сапары барысында Петропавл қаласының құрылыс нысандарына барып, проваславиелiк христиандардың мерекесi қарсаңында су тоғандарындағы шомылу рәсiмi кезiнде қауiпсiздiк шараларының дайындығын тексердi.

null
Ең алдымен өңiр басшысы темiржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен. Мердiгер «Меркурий» ЖШС-нiң директоры Альберт Насыровтың айтуынша, нысандағы құрылыс жұмыстарының 70 %-ы орындалған.

«Құрылыстың бiрiншi кезеңi - қайта құру, батыс және шығыс бөлiктерiнiң шатырын монтаждау жұмыстары. Бiз мансарданың шатырының құрылысына көштiк. Сондай-ақ, цехта орталық шатыр үшiн темiр құрылымдар жасалып жатыр. Эскиз бойынша шатыр күмбездi болады. Барлық құрылыс жұмыстарын сәуiр айының соңына дейiн аяқтауды жоспарлап отырмыз», - дедi Альберт Насыров.

null  

Облыс әкiмi қайта жаңғырту жұмыстарынан соң, қандай түрде болатынын сұрап бiлдi. Ерiк Сұлтанов жобаның эскизi көрсетiлдi. Сондай-ақ, өңiр басшысы темiржол вокзалы ғимаратының жабдықталуын тексердi.

Кейiн өңiр басшысы 1904-1905 жылдары салынған «Көпес Мурадовтың диiрменi» ескерткiш-ғимаратына барды. Жаңғырту кезiндегi меншiк иесi мен мамандардың мiндетi - диiрменнiң алғашқы көрiнiсiн қайтару. Жоба бойынша ғимараттың iшi де, сырты да 20 ғасырдың архитектуралық құрылысы ретiнде көрiнедi. Ғимарат iшiнде сауда орындары, жергiлiктi суретшiлердiң галереясын ашу жоспарланған.

null  

Сондай-ақ, проваславиелiк христиандардың мерекесi қарсаңында облыс әкiмi халықтың қалалық жағажайдағы жаппай суға түсуге арналған дайындығымен танысты.

Өңiр басшысы Жуков пен Юбилейная көшелерi қиылысында орналасқан мешiттiң құрылысымен танысты. Құрылыстың тапсырыс берушiсi «АҚНИЕТ» қайырымдылық қоры, мердiгер компаниясы «Петрострой-Люкс» болып отыр. Мешiт 500 орынға шақталған, нысанды үстiмiздегi жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланып отыр.

null  

Жұмыс сапары барысында Ерiк Сұлтанов Я.Гашек көшесiндегi бос тұрған жатақханаға барды. СҚО IIД бастығының орынбасары Думан Таевтың айтуынша, жатақхана 6637 әскери бөлiмiнiң теңгерiмiнде екенiн айтты, қазiргi кезде бұл нысанды IIД теңгерiмне беруге өтiнiшхат жiберiлдi.

«Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындаңыздар. Бiз мұнда IIД қызметкерлерiне арналған жатақхана жасаймыз. Барлығын үстiмiздегi жылы аяқтау қажет», - дедi өңiр басшысы.

null  

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы Береке ықшам ауданында салынып жатқан православиелiк Севастиано-Магдалининский ғибадатханасының құрысымен танысты. Ғимарат 300 адамға шақталған. Нысанның сыртқы жұмыстары аяқталуға жақын, ал ғимараттың iшкi бөлiмдерi бойынша ауқымды жұмыс күтiлiп тұр, сондай-ақ, коммуникацияларды өткiзу қажет.

Нысанды «Зерттеу СК» мердiгер компаниясы үстiмiздегi жылы тапсыруды жоспарлап отыр.

null  

 

Соңғы жаңалықтар