Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты апелляциялық алқаның шешімі шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 30 қарашасы күні апелляциялық инстанция Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Н.С.Әжімбайға, В.В. Шерстеневқа және А.В.Тихоненкоға қатысты 2016 жылғы 12 қарашада шыққан үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, сот үкімімен аталмыш тұлғалар әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілген болатын.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаны қатаң тәртіптегі түрмеде өтеумен Н.С.Әжімбайға - 20 жыл, В.В. Шерстеневқа - 11 жыл А.В.Тихоненкоға 16 жыл тағайындалды.

Сот шешімімен олардың барлығынан қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктері тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Еске сала кетейік, Астана Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров ақпан айында аяусыз өлтірілген болатын. 10 ақпанда Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Е.Әубәкіровтің мәйітін қар астынан тауып алды.

Адам өлтірді деген күдікпен басында төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталған еді. А.Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.

Ал 12 қазан күні Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асxат Әшірбеков медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сот үкімін шығарды. Сот барысында қылмыс жасады деген күдікпен жауапқа тартылған Нұрбек Әжімбай,  Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненколарға 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

 
Соңғы жаңалықтар