Ералы Тоғжанов Корея Республикасының елшісін қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэсик Кимді қабылдады.

Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
null

Кездесу кезінде облыс әкімі мәртебелі мейманға аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі туралы әңгімеледі. Маңғыстау облысы мен Корей Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық көрсеткіштерінің артуы - екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың нығая түскендігінің көрінісі. Облыс әкімі екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту үшін әкімдік тарапынан әрқашан қолдау көрсетуге  дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар