ЕО-да айналымнан 331 мың жалған еуробанкнот алынды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақта ағымдағы жарты жылда айналымнан 331 мың жалған еуробанкнот алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

«2017 жылдың бірінші жартыжылдығында айналымнан 331 мың жалған еуробанкнот алынды, бұл 2016 жылдың екінші жартыжылдығына қарағанда төменірек», - делінген Еуропалық орталық банк таратқан ақпаратта.

Жалған банкноттардың 85 пайызға жуығы 20 және 50 еуро номиналындағы купюралар.

Еуропалық орталық банктен атап өткендей, жалған банкнотаға ұрыну қаупі аз, себебі жасанды ақшалардың саны қолданыстағы банкноттармен салыстырғанда төмен болып қалуда.

Қазіргі уақытта 20 млрд еуробанкнот айналымда жүр, олардың жалпы сомасы 1,1 трлн. еуродан асып жығылады. 

Соңғы жаңалықтар