08:03, 29 Маусым 2017 | GMT +6
Энди Уорхолдың автопортреті аукционда 7,7 миллион долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық суретші Энди Уорхолдың алғашқы автопортреттерінің бірі Лондондағы Sotheby's аукционында 6 миллион фунт стерлингке (7,7 миллион АҚШ долларына) сатылды.
«Бұл Уорхолдың ұлы автопортретшілерге қосылған кездегі бетбұрысты сәтті білдіретін аса көркем және тарихи маңызды туынды», - деп хабарлады заманауи өнер саласындағы Sotheby's бас маманы Джеймс Севьер.
Аукциондағы ең қымбат лот 1983 жылы салынған америкалық граффити-суретші Жан-Мишеля Баскияның атаусыз шығармасы болды. Ол 6,5 миллион фунтқа (8,3 млн АҚШ доллары) сатылды.
Фото: twitter.com/maisonmadame