Емханаларда тұрғындарды заңсыз тіркегендермен құқық қорғау органдары айналысады - Мусинов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы емханаларында тұрғындарды заңсыз тіркеу деректерімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған осы жөнінде көп шағым түседі. Осындай деректерді біз прокуратура мен ІІД-ге бағыттадық. Қазір қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр. Менің пайымдауымша, бұл  құқықтық-нормативтік базаның жетілмегенін көрсетеді. Мұндай шағымдардың барлығы бірінші жетекшілердің және ішкі аудит жұмысының әлсірегенін көрсетеді», - деді басқарма басшысы Серікбол Мусинов.
null 

Айта кету керек, Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуі кезінде тұрғындарды емханаларға заңсыз тіркеу мәселесін шешуді тапсырған болатын.
null 

Сонымен қатар, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Дәурен Бабамұратов өзін басқа емхананың тіркеуінен тапқан.

Осыған байланысты «AMD» емханасы ЖШС директоры Төлеубаеваға сөгіс жарияланды.

null 

Соңғы жаңалықтар