Елші Сейтімов тәжік-ауған шекарасында мерт болған қазақстандық жауынгерлер рухына тағзым етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбеде 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күзету бойынша әскери борышын өтеу барысында мерт болған қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 

Бұл жайында  Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Тәжікстанның ардагер-интернационалистер одағының, «Бәйтерек» Тәжікстандағы қазақтардың қоғамдық ұйымының өкілдері, Тәжікстан шекара қызметінің ардагерлері және Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері қатысты.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов қазақ мемлекеті де, халқы да өз батырларының есімін мәңгі есте сақтайтындығын баса айтты. Тәжікстан тарабынан сөз алған азаматтар да қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ерлігі әр уақытта тәжік халқының жадында болатындығын атап өтті.

Айта кетейік, 1993 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы кеңесінің «Тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысымен саны 500 адамға жететін жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Батальон құрамына десантшылардан бөлек шекарашылар мен ішкі әскер бөлімшелері кірді. Ал оның командирі лауазымына майор А.Володин тағайындалды. 1995 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Ішкі әскерінің құрама ротасы Тәжікстанның Пшихавр шатқалында  моджахедтер тарапынан шабуылға ұшырады. Жаудың күші басым болған ұрыста қазақстандық 17 әскери қызметші оққа ұшты, 33-і ауыр жарақаттанды. Жалпы 1993-2001 жылдары аралығында 8 жылға созылған бітімгершілік операциясы барысында содырлармен арада орын алған қарулы қақтығыстарда 32 қазақстандық сарбаз қаза тауып, көпшілігі жарақат алды. Осы жылдар ішінде 8,5 мыңнан астам қазақстандық әскери қызметшілер тәжік жерінде борышын өтеді.

nullnullnull 

Соңғы жаңалықтар