Елордадағы жәрмеңкеге ақтөбеліктер 300 тонна өнім әкеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 шілде күндері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында астаналықтар үшін «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы .

Ақтөбе облысы ауылшаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, ақтөбеліктер жәрмеңкеде 300 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін ұсынбақ.

Жәрмеңкеге 6 аудан мен Ақтөбе қаласынан 50-ден астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.

Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 10-15% төмен болады. Жеткізілген өнім қатарында еттің барлық түрі - 124 тонна, картоп және көкөніс -26 тонна, сүт өнімдері - 27 тонна, өсімдік майы - 15 тонна, жұмыртқа - 21 мың дана бар. Сондай-ақ, шұжық және консерві өнімдері және жылыжай өнімдері ұсынылады.

Сондай-ақ бірқатар қайта өңдеу кәсіпорындарының сүт өнімдері, қымыз, шұбат, ешкі сүті, ұн, макарон өнімдерін сатып алуға болады.
Іс-шара Ақтөбе облысының биші, әнші әртістерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен қатар өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар