Елордада Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  22-23 сәуірде  «Алатау» СК автотұрақ аймағында Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана  әкімдігінің ресми сайты .

Елордадағы дәстүрлі аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын Жамбыл облысы ашады.

Шара барысында 156 млн теңгенің 203,1 тонна өнімі ұсынылмақ, соның ішінде, жылқы еті, құс еті, сүт өнімдері, қант, бал бар.

Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыстың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Екі күнге жалғасатын жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15%-ға арзан сатып ала алады.

Еске салсақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері қаланың ішкі нарығында бағаны тұрақтандыруға және отандық өнімдермен толтыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар